Санжар Әділов аралас жекпе-жектен Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

 Туризм және спорт министрлігі 21 Қыркүйек 2026, 08:10
21 Қыркүйек 2026, 08:10
90
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Әділов Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен қола жүлде иеленді.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің (дәстүрлі стиль) жартылай финалында Санжар Әділов Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан Еркінғали Бүркіталин (-77 кг, дәстүрлі стиль) мен Қадырбек Шинбаев (-71 кг, заманауи стиль) жартылай финалда сынға түседі.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының 558 спортшысы 35 спорт түрінен жүлдеге таласып жатыр.

Наверх