Санкция: Байден АҚШ-та жанар-жағармайдың қымбаттайтынын айтты

9 Наурыз 2022, 15:55
1377
Бөлісу:
Санкция: Байден АҚШ-та жанар-жағармайдың қымбаттайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейге салынған санкцияларға байланысты АҚШ-та жанар-жағармай бағасы көтеріледі. Бұл туралы Ақ үйде АҚШ Президенті Джо Байден мәлімдеді.

Бұл туралы TACC хабарлады.

Журналистерге берген жауабында Президент америкалықтардың жанар-жағармай бағамына қатысты сұрағына жауап берді.

Жанар-жағармай бағасы өседі, - деп жауап берді Байден.

Сонымен қатар АҚШ президентінен мұндай жағдайда қандай әрекеттерге бару қажет екені де сұралды.

Енді біздің қолымыздан келетін нәрсе аз, жауапкершілік Ресейдің мойнында, - деді АҚШ басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы