Санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру дәрежесін айқындау қажет – Әйткенов

30 Мамыр 2024, 20:33
473
Бөлісу:
Санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру дәрежесін айқындау қажет – Әйткенов
Фото: Сенат

Өнеркәсіптердің қоршаған ортаны ластауынан қорғауда санитарлық-қорғау аймақтары шешуші рөл атқарады. Алайда, олардың қорғаныс міндетін толық жүзеге асыруға кедергі келтіретін проблемалар жүйесі бар. Сенатор Ернұр Әйткенов осы тақырыпта депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенатордың айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік жер кадастрында санитарлық-қорғау аймақтарының шекарасы туралы мәлімет те, оларды көгалдандыру дәрежесі туралы сенімді әрі жеткілікті деректер де жоқ. Бұдан басқа, санитарлық-қорғау аймақтарының аумағында көгалдандыру жұмысының толықтығы мен сапасына бақылау жасалмайды.

Сенатор осыған байланысты тексеру жүргізуді реттейтін санитарлық ережелер мен нормативтік құқықтық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

Жерді қашықтан зондтау, аэрофототүсірілім немесе заттай түгендеу құралдарын пайдалана отырып жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру дәрежесін айқындау қажет. Сондай-ақ, Санитарлық ережелерді көгалдандыру жобалауына қойылатын егжей-тегжейлі талаптармен толықтыру керек. Барлық өндіріс нысандарына арналған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі қауіп-қатер дәрежесін бағалау өлшемшарттары санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының тексеру шараларын жүргізуі кезіндегі санитариялық-қорғау аймақтарының көгалдандырылуын бақылау туралы тармақпен толықтырылуы керек, - деді Ернұр Әйткенов.

Өзгелердің жаңалығы