Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтанда барлығы 105 мектеп тексерілді, оның 89-ы мемлекеттік, 16-сы жекеменшік. Сондай-ақ 10 мемлекеттік және 19 жекеменшік балабақша тексерілді.
Бірқатар мектеп алды және жалпы білім беретін мектептерде бұзушылықтар анықталып, кемшіліктер дер кезінде реттелді.
Барлық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс істейді. Балалардың мектепке дейінгі ұйымға баруы ата-ананың келісімі негізінде жүзеге асырылады. Ол болмаған жағдайда бала карантин кезеңінде мектепке дейінгі ұйымда өз орнын сақтайды, - деп атап өтті білім басқармасы.
Сондай-ақ, мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша санитарлық ережелерге сәйкес 1-4 сыныптар үшін кезекші топтар ұйымдастырылады. Барлығы елордада 3011 кезекші сынып бар, оған 40 400 оқушы қабылданды.
Кезекші сыныптар қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Ата-аналар балаларды оқу күні басталғанға дейін мекеменің алдыңғы есіктеріне ертіп барады және сабақ аяқталғаннан кейін оларды кіре берісте қарсы алады. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін мектептерде белгілер қойылады. Сыныптар әр сабақтан соң желдетіліп, кварцпен өңделеді.
Бүгін №66 мектеп-лицейінің барлық санитарлық талаптарға сай екені тексерілді. Балаларды қабылдау кезінен бастап дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетінін байқадық. Яғни балалар қолдарын антисептикпен өңдеп барып, мектеп қабырғасына кіреді. Медицина қызметкері дәлізден термометрия жүргізіледі. Оның көрсеткіші тіркеліп отырады. Балалар арақашықтықты сақтап, кабинетте отырады. Бір топтағы сиымдылық -15 адамнан аспайды. Әрбір кабинеттің алдында санитайзер орналастырылып, антисептиктер құйылған. Мұғалімдердің барлығы маска тағу режимін сақтап жүр, - дейді №66 мектеп лицей директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жанна Жукешбаева.
Еске сала кетейік, елордалық балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмысын жалғастыруда. Бүгінде олардың 1649-ы мемлекеттік және жеке мекемелерде ашылды, жалпы контингенті 25 мыңға жуық баланы құрайды.
Әр бала дәлізде арақашықтықты сақтайды, әркім су ішетін ыдысын өзі алып келеді. Балаларға басында нұсқаулық берілді, әр бала талаптарды қатаң сақтап үйренді, - деді Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтер сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Лаура Асанбаева.