Санитарлық ережелерді сақтамаған сауда орындары қайта жабылады

27 Мамыр 2020, 16:16
1798
Бөлісу:
Санитарлық ережелерді сақтамаған сауда орындары қайта жабылады
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантин режимі әлі де сақталып отырғанын және санитарлық-эпидемиялық ережелелерді бұзған сауда орындары қайтадан жабылатынын мәлімдеді.

Брифнг барысында қала әкімі маска киіп жүру маңызды екенін айтты. 
Вирустың қандай жылдамдықпен тарайтынын көріп отырмыз. Адаммен 1 метр жақындықта 15 минут сөйлессеңіз болды вирусты жұқтырып аласыз. Алдыңызда тұрған адамның науқас екенін өзіңіз де, ол да білмеуі мүмкін. Сол себепті өзіңізді және төңірегіңізді қорғау үшін масканы киіп жүру қажет. Оны киіп жүру нормаға айналу керек. Қазір қоғамдық көлікке маска киіп кіру керек, тіптен кондуктурларға маскасы жоқ адамдарды кіргізбе деп айтып жатырмыз, - деді әкім. 
Сонымен қатар, ол осы аптадан бастап үлкен сауд орындары мен дәмханалар ашылғанын айта келе егер олардың қожайыны санитралық тәртіпті сақтамайтын болса мекеме қайтадан жабылатынын айтты. 
Олар санитарлы-эпидемиялық ереженің бәрін орындауы қажет. Сауда үйлері ашылғалы адамдардың ешқайсысы қашықтықты сақтап, маска киіп жүрген жоқ. Тіптен, сатушылардың өздері маска кимеген. Бұрын ескерту жасайтын едік, бүгіннен бастап бірден айыппұл салып жабамыз, - деді ол. 
Оның айтуынша, құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын Департаменттің аудандық басқармаларының мамандары енген мобильді топтар карантин режимін бұзған нысандарды анықтау үшін сол жерлерге барып, мониторинг жүргізіп жатыр. 
Бүгінгі күнге дейін біздің мамандарымыз уақытша карантин талаптарын сақтамаған азық-түлік нысандарына 69 әкімшілік айыппұл салды және қоғамдық тамақтану орындарына 2 әкімшілік хаттама толтырды және олар сотқа жіберілді. Өздеріңіз білесіздер, азық-түлік емес дүкендер құрамына әкімдіктің, СЭҚ-тің, "Атамекен" РКП қызметкерлері енген жұмыс тобы олардың дайындығын тексеріп, өз бағаларын бергеннен соң ғана ашылады, - деді Сағынтаев.
Өзгелердің жаңалығы