Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
1 қазаннан бастап халықты толық қамту мақсатында жаппай аралау кезеңі басталды. Ол 30 қазанға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта республика бойынша санақ персоналы ретінде 23367 адам жұмысқа алынды. Олардың ішінде 2693 нұсқаушы-бақылаушы және 20764 интервьюер. Олардың барлығы 18 жастан асқан, COVID-19-ға қарсы вакцина алған, планшет, компьютермен жұмыс істей алатын азаматтар. Барлық интервьюерлерге планшетпен жұмыс істеу, сауал салу жүргізу әдістері бойынша оқыту ұйымдастырылды. Санақ сұрақтарына онлайн режимде жауап бергендер санақтан өткені туралы хабарламаны көрсетеді, - деді ол.
Айдапкелов атағандай, интервьюер тұрғын үй-жайдағы барлық адам санақтан өткеніне көз жеткізгеннен кейін, өз учаскесінің келесі мекенжайына барады.
Бұл учаскелер халық санағының 1-30 маусым аралығында өткен бірінші кезеңі барысында қалыптастырылған болатын.Интервьюерде санақ логотипі бар көк шарф және сөмке болады. Электрондық санақ парақтары бар планшет, сондай-ақ, бейдж-куәлік беріледі., - деді Айдапкелов.