Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында сенатор Еділ Мамытбеков мәлімдеді.
Ол «Самұрық – Қазына» қорының сатып алу рәсімі туралы сын айтып, депутаттық сауал жолдады.
Сенатор Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Самұрық-Қазына қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленген деп отыр. Алайда бизнес-қауымдастығы мен сарапшылар жаңа ережелерге талдау жасай отырып, қор бір көзден сатып алу әдісінен ауытқымаған. Сарапшылардың пікірінше, жаңа тәртіп әділ бәсекелестіктің негізгі ұстанымдарын жоққа шығарады.
Бизнес өкілдері Президенттің тапсырмасынан кейін сатып алу саласында жаңа демократиялық қағида сипатында сапалы өзгерістер күткен болатын. Бірақ сарапшылардың сыны мен бұқаралық ақпарат құралдарын зерделей отырып жақсы жағына қарай ештеңе өзгермеген деген қорытынды жасауға болады. Қордың сатып алу жүйесіне қатысты жария еткен өзгерістер косметика мен бутафория болып шықты, - деп атап өтті депутат.
Сенатор 2022 жылғы 1 сәуірде күшіне енген жаңа ережелерде холдингішілік кооперация аясында сатып алу әдісі алынып тасталғанын атап өтті. Дегенмен, ол жұмыстар мен қызметтер тізбесі кеңейтіліп, бір көзден сатып алуға ауыстырылған болып шықты.
Кооперацияның холдингішілік сатып алуы 2021 жылы сатып алудағы жалпы көлемнің 25%-ын құрады. Қордағы барлық сатып алу көлемі 3,4 трлн теңгені құраған болатын. Бұл ретте сатып алу көлемінің тек 18%-ы ғана ашық тендерге шығарылды. Ал Қордың портфельдік компанияларының 2020-2025 жылдарға арналған жылдық және ұзақ мерзімді сатып алу жоспары мониторинг қорытындылары бойынша бәсеке позициядағы сатып алу холдингішілік кооперация арқылы да жоспарланатыны белгілі болды. Әрине, содан кейін бәсекелестік ортаны кеңейту мен дамытуды көздейтін өзгерістер қайда деген сұрақ туындайды, – деді Еділ Мамытбеков.
Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан осы жағдайға назар аударуды сұрады. Өйткені қордың әділ бәсекелестік пен бизнестің теңдігі қағидаттарын бұзатын сатып алу нормалары алынып тасталмаған.