«Самұрық-қазына», «ADQ» және «TAQA» энергетикалық холдинг құру туралы мәмілеге қол қойды

1 Желтоқсан 2021, 18:29
1126
Бөлісу:
«Самұрық-қазына», «ADQ» және «TAQA» энергетикалық холдинг құру туралы мәмілеге қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Самұрық-Қазына" АҚ мен Abu Dhabi Developmental Company (ADQ) араб егемен қоры және Abu Dhabi National Energy Company (TAQA) ұлттық энергетикалық компания арасында энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту туралы Келісімге қол қойыды.

Келісім шеңберінде Abu Dhabi Developmental Company (ADQ) егемен қоры Қазақстандағы энергетикалық жобаларға 6 млрд долларға дейін инвестиция құюды жоспарлап отыр. Бұл инвестицияларды тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында Энергетикалық холдинг құру көзделген.

Сонымен қатар тараптар энергетика саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы мәмілеге қол қойды. Одан бөлек Abu Dhabi Developmental Company (ADQ) егемен қоры Қазақстандағы энергетикалық жобаларға 6 млрд долларға дейін инвестиция құюға әзір. Қазіргі таңда таратар Қазастан аумағында күн, жел және газ электрстансаларын салу жөніндегі үш жобаны қарастырып жатыр.

"Самұрық-Қазына" Қоры энергетика саласында көш бастап тұрған ADQ араб егемен қоры және TAQA Абу Дабидың ұлттық энергетикалық холдингімен стратегиялық келісімге қол жеткізді. Бұл серіктестік Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңартып, нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Энергетикалық холдинг қызметі жаңартылатын қуат көздері жөніндегі жобаларды дамытуға ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі энергетиканы жаңғыртуға және газды жағу арқылы қуат өндіруге бағытталады - дейді "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

«ADQ» Қорының басшысы және «TAQAGroup» басқарма мүшесі шейх Мохаммед Хасан Әл-Суваиди өз кезегінде, "ADQ", өңірдегі ең ірі инвестор ретінде Аби-Дабидегі энергетикалық активтердің басым бөлігін басқара отырып, энергетикалық экожүйені дамыту мақсатында инвестиция құю аясын үнемі кеңейтіп отыратынын айтты.

«ADQ» және оның портфельдік компаниясы «TAQA» "Самұрық-Қазына" қорымен серіктестік орнатқанын жетістік көреді. Дүниежүзілік деңгейдегі жобаларды іске асыра отырып, біз осы салада жинақтаған тәжірибемізді Қазақстанда пайдаланып, Абу-Дабидің энергетика саласындағы алпауыттардың бірі ретінде танылуға септігі тигізеді, - деді ол.

Қазіргі таңда үш ірі нысан құрылысын бастау қарастырылып жатыр: 

  • Қуаттылығы 2 ГВт болатын фотовольтаникалық күн электрстансасы

  • Қуаттылығы 2 ГВт болатын жел электрстансасы

  • Қуаттылығы 1 ГВт болатын бу газ қондырғысын салу

«TAQA» компаниясы «ADQ» және "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесе отырып, Қазақстан аумағында "жасыл" энергетика саласындағы жобаларды іске асыруға бар күшін салады. Біх күн сәулесінен және жел күшінен қуат өндіру тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз. Көптен бері басқарып келе жатқан тиімділігі жоғары газ электрстансаларын салу технологияларымен бөлісуге дайынбыз. Бұдан бөлек, «TAQA» эрнергетикалық жобалардағы халықаралық үлесті арттыра отырып, жаңартылатын қуат көздерін дамытуға ден қоймақ. Қазақстандағы жобалар «TAQAGroup» компаниясының декарбонизация жолында атқарып жатқан шараларының айқын көрінісі – деп атап өтті «TAQAGroup» Басшысы Джасим Хусейн Табет

Энергетикалық холдинг құру жөніндегі Келісімге Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту шеңберінде қол қойылды. Бұған дейін қос мемлекеттің Үкіметтері басымдыққа ие салалардағы бірлескен жобаларды дамыту туралы Бірлескен декларацияға қол қойған болатын.

Өзгелердің жаңалығы