Алматы, BAQ.KZ. Сан-Францискода Samsung өзінің алғашқы жинақталатын Samsung Fold смартфонын таныстырды, деп жазды The Verge басылымы.
Оңтүстік Корея компаниясы жаңа өнімдерін 26 сәуірден бастап шығаруды жоспарлап отыр. Телефондардың бағасы 1980 доллардан басталмақ. Өндірушілер смартфонды бірден LTE мен 5G қабылдайтындай етіп шығармақ. Еуропада сатылымға шығару 3 мамырға белгіленген. Еуроодақ аймағында смартфондар қымбаттау болады - 2000 еуро шамасында.
Samsung Fold маркасында 7,3-дюймді Infinity Flex жаңа дисплейі қолданылған. Бұл телефон экраны жазылып, планшет экранындай болады. Сондай-ақ оны қайта жинақтап, қалтаға салуға болады. Жазылған кезде экранның диагоналы 7,3 дюймді құрайды, ал жазбай пайдаланса 4,6 дюйм.
Смартфон Qualcomm Octa процессорымен жабдықталған және оперативті жадысы 12 ГБ. Galaxy Fold телефоны үшін Samsung екі қуаттағыш жасаған, олардың жиынтық шамасы 4380 мАч.