Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Әлібек Зекенов елге оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оны қалалық спорт басқармасына қарасты Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы мен Астана қаласының самбо федерациясының қызметкерлері және жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды.
Айта кетейік, 23-24 қыркүйек аралығында Сербия мемлекетінде спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер және әйелдер арасында әлем кубогы өткен болатын.
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 16 құрама командадан құралған 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.
Елордалық Әлібек Зекенов 98 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, әлем чемпионатында қола жүлде иегері атанды.