«Самара-Шымкент» тасжолында ірі жол апаты болды

21 Шілде 2022, 16:00
1591
Бөлісу:
«Самара-Шымкент» тасжолында ірі жол апаты болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда ОПД жол патрульдік полиция ротасының қызметкерінен «Самара-Шымкент» тасжолында «Мерседес Бенс» жүк көлігі және «Тойота Альфард» автокөлігімен жол-көлік оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама түскен. 

Тексеру барысында «Самара-Шымкент» тас жолының Арал ауданы, Ақбай елді мекені тұсында Тараз қаласынан-Ақтөбе қаласы бағытында бара жатқан "Тойота Альфард" автокөлігі қарама қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігіне соқтығысқан, аталған жүк көлігінде жүргізушіден басқа жолаушылар болмаған, «Тойота Альфард» автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған, автокөлік жүргізушісі Қазалы аудандық ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлады Арал аудаанының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3- бөлігімен қылмыстық іс қозғалып,сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

 

Өзгелердің жаңалығы