"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі БҚО-дағы су тасқыны туралы ақпаратты таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 26 наурызда сағат 23:30 шамасында қар мен мұздың тез еруі салдарынан "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар авто жолының 479 шақырымының (Қоскөл ауылы) жол жүру бөлігін су алды. Оның ауданы 50 метр, ал биіктігі шамамен 10 сантиметрді құрады.
Аталмыш жолдың осы учаскесінде жол төсемінің деңгейінің төмендеуі анықталып, максималды қуатта жұмыс істейтін құбыр (диаметрі - 4х2,5 м) орнатылды. Қазіргі уақытта еріген суды алдын алу мақсатында инертті материалдар толтырылған қаптарды төсеп, белгісі бар бағандар орнатылуда. Көлік қозғалысы шектелген жоқ. 15 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Жағалауларға құм қапшықтары (500 дана) төселуде. Тәулік бойы кезекшілік орнатылды, - делінген хабарламада.