Самалай Ерғалиева Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақ дзюдошысы Самалай Ерғалиева Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Нұрғали Жұмағазы 8 Қараша 2025 2025, 23:18
8 Қараша 2025 2025, 23:18
866
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қазақ дзюдошысы Самалай Ерғалиева Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Ерғалиева ирандық Самира Хакахты иппонмен жеңіп, белдесуін аяқтады.

Осы жетістікпен Қазақстан құрамасының қоржынында енді екі күміс және бір қола медаль бар.

Наверх