Самұрық-Қазына ірі активтерді жекешелендіруге дайындау жұмыстарын қайта күшейтпек

24 Қыркүйек 2020, 13:24
1064
Бөлісу:
Самұрық-Қазына ірі активтерді жекешелендіруге дайындау жұмыстарын қайта күшейтпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі қор биржаларының тұрақталуы мен инвестициялық белсенділіктің өсуіне байланысты, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры жыл соңына дейін ірі активтерін жекешелендіруге дайындау жұмыстарын қайта күшейтпек. 

Бүгінгі брифинг барысында «Самұрық-Қазына» қорының активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі тең- басқарушы директоры Ержан Тұтқышев биыл қандай компаниялардың акциялары сатылып, қандай компаниялардың сатылымы кейінге шегерілгенін хабарлады.

Алдымен, коронавирус пандемиясына байланысты әлемдегі дағдарысқа байланысты қаржы нарығындағы қазіргі жағдайға тоқтала отырып, Тұтқышев жекешелендіруді кейінге шегерудің басты себептерін атады. 

Бұған дейін Қор жекешелендіру мерзімін кейінге шегеру туралы айтқан болатын. Оған макроэкономикалық жағдай мен қор биржаларындағы жағдайдың қиындауы басты себеп болған. Ал, соңғы уақытта жағдай жақсарып, биржалар тұрақтала бастады. Инвестициялық белсенділік өсіп жатыр. Сондықтан, «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдың соңына дейін ірі активтерін жекешелендіруге дайындауды қайта белсендетуді жоспарлап отыр, - деп мәлім етті Ержан Тұтқышев. 

Соңғы уақытта әлемдік қор нарықтарында жағдайдың біршама жақсаруы байқалады. Оларда белгілі бір тұрақтылық пайда болып, инвестициялық белсенділік өсе бастады. 

Ал, Самұрық-Қазынаның ірі активтеріне қатысты нақты жоспарларға келетін болсақ, келесіні хабарлағымыз келеді: жыл соңына дейін «Қазақтелекомның» 10% акциясын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» сату жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда, Қор 51% акцияға ие. Ал оның 10% акциясын сатудан кейін «Қазақтелеком» квазимемлекеттік компания болмайды. Бірақ «Қазақтелеком» стратегиялық маңызға ие болғандықтан, акционер ретінде мемлекет стратегиялық бақылауын қалдырады, - дейді Тұтқышев. 

Ал, «Қазпошта» компаниясын стратегиялық инфесторға тікелей сату арқылы жекешелендіру Үкіметпен және Қор директорлар кеңесімен келісілгені белгілі болды. Әлемдегі басқа пошта компаниялары сияқты «Қазпоштаның» да хат, мерзімді басылымдарды жеткізу көлемі азайған. Есесіне электронды коммерциядан арқасындағы жөнелтілімдер көлемі артқан. Сондықтан «Қазпоштаны» жекешелендіру мерзімі 2021 жылға белгіленіп отыр. 

Акциялары сатуға дайындалып жатқан компанияның бірі – «Самұрық-Энерго». Энергетика және көмір салаларындағы ірі компания екенін ескере отырып, инвестор тартпастан бұрын, акцияларды сатудың параметрлері мен шарттары үкіметпен келісіледі. «Самұрық-Энерго» да 2021 жылы жекешелендіруге шықпақ.

Ендігі мәселе – мұнай-газ секторы мен әуе саласындағы жағдай, одан бәріңіздің хабарыңыз бар. Бұндағы компаниялардың табыстары айтарлықтай азайды. Дәл осы себеппен «ҚазМұнайГаз» және «Эйр Астана» акцияларын жақын арада жекешелендіру мүмкін емес, - деп хабарлады Тұтқышев. 

«Қазақстан теміржолы» компаниясын жекешелендіру үшін әуелі оның бизнес моделін қайта қарастырып, тиімділігін арттыру көзделіп отыр.

«Тау-КенСамұрық» және «Қазақ эйр» компанияларын жекешелендіруді Үкіметпен талқылау керек. Басқа компаниялардан қарағанда, бұл екі комания қалыптасу кезеңінен өтіп жатыр. Сондықтан оларды жекешелендіру мерзімі 2022 жылға шегерілді. Акциялардың бағасы инвесторлармен келіссөз өткен соң және жекешелендіру мерзімі жақындағанда ғана белгілі болады, - деп хабарлады ол. 

Айта кетейік, қазір «Самұрық-Қазына» жекешеленіруге жоспарын 82% орындаған. Барлығы 85 актив сатылып, 11 актив қайта құрылған, 42 актив таратылды. 

Жекешелендіру бағдарламасының басым бөлігі орындалғанына қарамастан, жекешелендіру толықтай аяқталғанша, жұмысты жалғастыра береміз. Жекешелендіру бағдарламасының дәл аяқталу мерзімі, әрине, мен атап өткен салалардағы жағдай мен қор нарығындағы жағдайға байланысты болады, - деді сөзін түйіндеген ол.
   

 



Өзгелердің жаңалығы