Салықтық бақылау шаралары уақытша тоқтатылды

19 Қаңтар 2022, 13:05
2253
Бөлісу:
Салықтық бақылау шаралары уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты елімізде кедендік және салықтық бақылау шаралары ақпан айына дейін уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Уақытша тоқтау әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру мақсатында жүргізіліп отыр. Яғни 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары ұйымдастыратын салықтық және кедендік қадағалаулар жүргізілмейді. 

Сонымен бірге тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтер аталған мерзімнен соң жүргізіледі. 

Сондай-ақ ведомство бақылау жүргізуді, оның нәтижелері бойынша камералық бақылауға қатысты және салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар құрастыруды уақытша тоқтатты.

Өзгелердің жаңалығы