Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Салықтан жалтарады": 329 мың адамның айлығы 85 мың теңгеден аспайды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
10 Қыркүйек 2025, 11:29
1120
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда қанша азамат ең төменгі жалақыдан аз табыс табатынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 329 мың қазақстандық ресми түрде 80 мың теңгеден төмен жалақы алады.

Министрдің сөзінше, мұндай жағдайдың басты себебі – жұмыс берушілердің қызметкерлерді қысқа мерзімге немесе сағаттық келісімшартпен жұмысқа тартуы.

Сонымен қатар 708 мың азамат ең төменгі жалақы көлемінде – 85 мың теңге алады.

Тексеріс барысында ірі компаниялардың бір бөлігі салықтан жалтару үшін қызметкерлерді заңсыз еңбекке тартатыны анықталды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындардың көбісі ең төменгі жалақыға жұмыс істеп жүр, – деді Жақыпова Мәжілістегі отырыста.

Министрдің айтуынша, ведомство онлайн режимде жалақы төлемін қатаң қадағалап отыр. Дегенмен биыл ел бойынша небәрі 18 азамат қана еңбек инспекциясына жалақыға қатысты шағымданған.

Өзгелердің жаңалығы