Салық реформасы: Үкімет өңірлерге барып, сұрақты халықпен талқылайды

Үкіметтің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов салық реформасын қңірлерде егжей-тегжейлі талқылау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 primeministr.kz 11 Ақпан 2025 2025, 10:46
11 Ақпан 2025 2025, 10:46
752
Фото: primeministr.kz

Үкіметтің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов салық реформасын өңірлерде егжей-тегжейлі талқылау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге барып, халықтың барлық санаттарымен егжей-тегжейлі талқылау керек. Мен де Астанада және өңірлерге барып, талқылаулар өткіземін. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек. Ары қарай Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгіннен бастап Үкімет бастамаларын өңірлердегі бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен талқылайтын алты жұмыс тобы өз жұмысын бастайды.

Наверх