Салынған тыйымға қарамай балық аулаған 14 адам айыппұл арқалады

11 Желтоқсан 2020, 15:41
1442
Бөлісу:
Салынған тыйымға қарамай балық аулаған 14 адам айыппұл арқалады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Күзгі уылдырық шашу маусымына байланысты балық аулауға салынған тыйымды 14 шағысқазақстандық бұзған.

Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.

Биыл сиг тұқымды балықтардың күзгі уылдырық шашу маусымына байланысты салынған тыйым 10 қазаннан 10 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтыды. Осы уақыт аралығында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өңірдегі өзіне қарасты су айдындарының барлығында рейдттер ұйымдастырып, заңбұзушылықтың 14 фактісін тіркеген.

Инспекторларымызбен 14 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 5 іс сот органдарына жолданды. Олардан 8 дана балық аулау құрылғылары мен 9 келі балық тәркіленіп, тоғыз адамға 125 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Тағы екі адамға 30 мың теңге көлемінде келтірілген шығынның орнын толықтыру жүктелді, - дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Фархат Байбазаров.


Өзгелердің жаңалығы