Салық заңнамасына қандай өзгерістер енгізілгені айтылды

19 Қаңтар 2021, 15:34
1621
Бөлісу:
Салық заңнамасына қандай өзгерістер енгізілгені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Сартаева салық міндеттемелерінің орындалуын есептеу бойынша салық заңнамасындағы өзгерістер туралы айтып берді.

Сондай-ақ брифинг барысында салық әмияны, оның мүмкіндіктері туралы да сөз қозғалды.

2020 жылдың 10 желтоқсанында салық заңнамасына өзгерістер енгізілген болатын. Салықтарды есепке алу бөлігінде есепке жатқызуға және қайтаруға жататын бюджетке төленетін салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдардың артық төленген сомалары расталған жағдайда осы жылы және талап қою мерзімі шегінде алдыңғы жылдар ішінде төленген сома мөлшерінде жеткізіледі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қою мерзімі үш жылды құрайды. Бұл мерзім салық мониторингіне жататын және қызметін жер қойнауын пайдаланумен айналысатын салық төлеушілерге қатысы жоқ. Себебі ол салық төлеушілер үшін салық төлеу мерзімі 5 жылды құрайды, - деді ол.

Артық төленген соманы есептеу үшін күнтізбелік жыл қолданылатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттік бажды қайтару үшін талап қою мерзімі төленген күннен бастап 3 жыл мерзімді құрайды. Бұл заң нормалары 2020 жылдан бастап қолданысқа енген. Өзгерістердің бірі – берешектің жоғы немесе бары екіндігі туралы мәліметтердің әділет органдарына ұсыну мерзімі қысқарды. Енді 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғаны тарату және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының қызметін тоқтату бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті Әділет министрлігіне, әділет органдарына 3 жұмыс күнінің ішінде беретін болады. Бұған дейін мұндай мәлімет 5 жұмыс күнінің ішінде берілетін, - деп түсіндірді Айнұр Сартаева.

Уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін төлемдер бойынша төленген сомаларды қайтару рәсімдері жеңілдетілді. Енді мемлекеттік кірістер органдарында дербес есепшоттар жүргізілмейтін және басқа уәкілетті мемлекеттік органдар әкімшілендіретін бюджетке төленетін салымдар бойынша тиісті уәкілетті орган берген іс-әрекеттері жасалмаған/расталмаған жағдайда құжаттарды ұсынбай, артық төленген соманы қайтару мүмкіндігі көзделген.

Бұл төленген сомаларды қайтару электронды базаның деректері негізінде жүргізіледі. Яғни Электрондық үкімет төлем жүргізу базасында жүзеге асырылады. Бұл өзгеріс 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты тағы бір өзгеріс – салықтың бюджетке төленген артық сомасын есепке жатқызу жеңілдетілді. Мысалы, салықтық берешегі болмаған жағдайда салық төлеушінің электрондық байланыс арналары арқылы берілген келісімі негізінде Мемлекеттік кірістер органдары салықтың және бюджетке төленген артық сомасын салық төлеушінің өтінішінсіз басқа салықтық төлемдер міндеттемелеріне жатқыза алады, - деп айтты ол.

Мұндай салық төлеуге салық төлеуші E-салық мобильді қосымшасында салық әмиянын толтыру барысында келісімін бере алады. Бұл 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген өзгеріс.

Өзгелердің жаңалығы