Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті елімізде осы жылдың аяғына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық шегіне орай берешегі барлар салық төлеген жағдайда өсімпұл және айыппұл сомалары есептен шығарылады. Бүгінгі күнде 43 755 салық төлеуші салық рақымшылығымен қолданды, берешекті барлығы 15,3 млрд теңге сомасына төлеп, оларға 5,2 млрд теңге өсімпұл және 0,3 млрд теңге айыппұл сомасы есептен шығарылды.
Бұл ретте салықтық есеп бойынша айыппұл сомасын есептен шығару тек оны 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төлемеген жағдайда жүргізіледі, онда уақытында төленген айыппұл сомасы рақымшылыққа жатпайды. Сондай-ақ, осы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық басталды. Салықтық рақымшылық шеңберінде біздің азаматтар өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегерілетін болады, - делінген жарияланған ақпаратта.Салық кодексі бойынша мерзімін өткізіп алынған күн үшін есептелетін өсімпұлдың мөлшері азаматтарымыздың жағдайын қиындатады. Осыған орай, өткен салықтық кезеңдер үшін жиналған қарыздары бар жеке тұлғалар осы жылдың соңына дейін негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалана алады.
Бұл ретте есептелген өсімпұлдар мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде есептен шығарылады. Қазіргі уақытта 12,6 млрд теңге берешегін төлеген 549 мыңнан астам азаматтарға 2,3 млрд теңге өсімпұл кешірілді.