Салт аттылар Бұқар жырау кесенесіне барды

14 Қаңтар 2020, 10:45
4285
Бөлісу:
Салт аттылар Бұқар жырау кесенесіне барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ат-TRAVEL" клубы мүшелерінің қысқы маусымдағы сапары бұл жолы Қарағанды мен Павлодар облыстарының шекарасында орналасқан Бұқар жырау кесенесіне барумен басталды.

200114031535441e.jpg

"Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы мен "QazaqGeography" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Киелі Қазақстан" салт атты экспедициясы кезекті сапары барысында академик Қаныш Сәтбаев ауылына арнайы келді. Экспедиция Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы "Атқа міну мәдениетін" насихаттау мақсатында өтті.

Халқымыздың аса қадірлі салты – атқа міну дәстүрін дәріптеу – "Киелі Қазақстан" республикалық салт атты экспедициясының басты мақсаты.

Шараға мұрындық болған - "Ат-TRAVEL" клубының мүшесі, екі жыл қатарынан салт атты экспедиция құрамында киелі жерлерге саяхат жасап жүрген Қ.Сәтбаев ауылындағы Шадыра мектебінің директоры Төлеген Ахаев.

2001140252006251f.jpg

Екі күнге жалғасқан атты сапардың алғашқы күні – Қаныш Сәтбаев ауылынан шыққан салт аттылар 27 шақырым жол жүріп, Семізбұғы, Қараащы өңірінде жатқан Бұхар жырау Қалқаманұлы кесенесіне ат басын тіреді.

2001140312292820f.jpg

Құрамында еліміздің әр түкпірінен жиналған кәсіпқой шабандоздар, атбегілер, құсбегілер және кәсіпкерлер, танымал блогерлер мен журналистер, сонымен бірге Қ.Сәтбаев ауылының азаматтары бар экспедиция бір күнде 27 шақырым жолды жүріп өтіп, Көмекей әулие рухына құран бағыштады.

WhatsApp Image 2020-01-12 at 18.30.06.jpeg

Қыстың қысқа күнінде 60 шақырымға таяу жол жүрген 20-дан астам салт атты қысқы табиғаттың кереметіне тамсанып, қоян қуып, түлкіге тазы қосты.

Осы жерде, атты сапардың ең кішкентай қатысушысы, 12 жастағы Нұрбол Амангелдіұлының қанжығасы қанданып, түлкі байланды.

"Бұқар жырау мұрасы" деп аталған сапар өз мәресіне жетіп, баба басында құран бағышталып, арнайы ас берілді.

83123966_626102637931450_989387927572185088_o.jpg

Сапардың екінші күні экспедиция мүшелері Қ.Сәтбаев ауылында мектеп оқушылары мен ауыл жастары арасында ұлттық ат спорты ойындарын ұйымдастырды.

82582110_626102821264765_7735618635653185536_o.jpg

Шараға Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов арнайы келіп қатысты.

Атқа міну мәдениеті – қазақ халқының қанына сіңген, өмірлік серігіне айналған үрдіс. «Киелі Қазақстан» салт аттылар экспедициясы жасөспірімдер арасында ұлттық ат спортын насихаттап келеді. Халқымыздың ұлы дәстүрі, үлкен өнері күннен күнге, жылдан жылға дами түседі деп ойлаймын, - деді аудан басшысы.

82455158_626103291264718_1881020715860230144_o.jpg

Спорттық жарыстар экспедиция мүшелері мен ауыл балаларының атты шеруімен басталды.

Бұл күні ат спортын серік еткен жасөспірімдер мен жастар жабағы жарысы мен теңге алу сайыстарында бақ сынады.

82414361_626103341264713_1483205705144991744_o.jpg

20-ға жуық жабағы қатысқан жарыста Жарас Қанаттың жабағысы мәре сызығынан бірінші болып өтті. Ал, Бүркіт Қалидің жабағысы екінші, Дамир Мәуленнің жабағысы үшінші орынды иеленді.

82858120_626105104597870_8439446376831516672_o.jpg

Осы жарыста ерекше көзге түскен ең жас қатысушы алты жасар Аслан Дүйсенбек – жабағы жарыста бақ сынаған ең жас шабандоз болды. Асланға Павлодар облысының Аққулы ауданындағы "Алтай" шаруа қожалығының басшысы, "Ат-TRAVEL" клубының мүшесі Сәтбек Мукин өз атынан арнайы жүлде берді.

81794827_626103401264707_2117439011734683648_o.jpg

Жабағы жарысына қатысқан шабандоздардың барлығы – Шадыра мектебінің оқушылары. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер де, бәйгеге қатысушылар да "Ат-TRAVEL" клубының ақшалай сыйлығына ие болды.

82128345_626104261264621_8776276227787849728_o.jpg

Ал, ересектер арасында өткен теңге алу сайысында Қ.Сәтбаев ауылының шабандозы Абдрахман Серікбай ептілігі мен өжеттігін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Ж.Шанин ауылының ардагер шабандозы Бақытжан Жүнісов әлі де бабында екенін дәлелдеп, екінші орынға ие болды. Ал, үздік үштікті академик ауылының тағы бір шабандозы Тілеулес Бейсекеев түйіндеді.

81915645_626103067931407_5433466369146355712_o.jpg

Сонымен бірге, ұлттық спорт жанкүйерлері бүркітшілер мен асау үйретушілер өнеріне куә болды.

Өзгелердің жаңалығы