Қарағандыда мәдениет саласын дамытудың Жол картасы қабылданады

29 Қыркүйек 2020, 21:09
1755
Бөлісу:
Қарағандыда мәдениет саласын дамытудың Жол картасы қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында театр режиссёрлері, сондай-ақ, театр және шығармашылық ұжымдардың басшылары мен өңірлер әкімдерінің қатысуымен облыс мәдениетін дамыту бойынша ашық кеңес өтті.

Карантиннің күрделілігіне қарамастан, мәдениет мекемелерінің ұжымдары адамдарға қолдау көрсету үшін онлайн концерттер мен спектакльдерді, виртуалды экскурсияларды өткізіп, өздерінің шығармашылық әлеуеттерін көрсете білді. Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының арқасында 96 мәдениет және мұрағат нысаны жөнделді. Алайда соңғы үш жыл бойынша жасалған талдау ауылдағы мәдениет саласының жағдайына баса назар аудару қажеттігіне меңзейді. Бұл ретте қалалардың өзінде балаларымыз бен жастарымызға, ересектерге арналған мәдени, ойын-сауық және демалыс орындарының аздығын атап өткен орынды. Мұның бәрі қолайсыз маргиналдық ортаның қалыптасуына жағдай тудырады, - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Оның сөзіне қарағанда, бұл саланың дамуы ұлт болашағы үшін өте маңызды. 

Сондықтан қалыптасқан мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Жақын арада 2021-2023 жылдарға арналған мәдениет саласын дамытудың Жол картасы қабылданады. Аталған салаға жас дарынды кадрларды тарту үшін мәдениет және мұрағат қызметкерлерінің негізгі құрамына жалақыны 30% -ға арттыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ шығармашыл жастарды тарту үшін тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Бұған қоса, театрлардың автобус паркін жаңарту қажет. Сонымен қатар Қарағандыда бейнелеу өнері мұражайы мен заманауи интерактивті кітапхананың құрылысы үшін жер участогын табуға тапсырма бердім. Мемлекет басшысы атап өткендей, салтанатты әрі ысырапшылдыққа негізделген мерекелердің уақыты өтті. Бұл ретте әрбір облыс тұрғынының өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан, шығармашылық және мәдени дамуы үшін барлық жағдайларды жасауға баса назар аудару керек, - деді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы