«Саламатты Қазақстан» пойызы СҚО мен Ақмола облысының тұрғындарын тегін қарайды

17 Тамыз 2022, 16:19
1609
Бөлісу:
«Саламатты Қазақстан» пойызы СҚО мен Ақмола облысының тұрғындарын тегін қарайды

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысында өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылжымалы емхана СҚО бойынша 17-18 тамыз Еркіншілік станциясы, 26-27 тамыз Дәуіт станциясы, 28-29 тамыз Талшық станциясы, 1-2 қыркүйек Қарағай станциясы, 3-4 қыркүйек Первая Целинная станциясы және 7-8 қыркүйек Қайранкөл станциясында болса, Ақмола облысында 19 тамыз Сарыоба, 20-21 тамыз Елтай, 22-23 тамыз Октябрь, Ащыкөл 24-25 тамыз, 30-31 тамыз Қызылту,  5-6 қыркүйек Ақсуат, 9-10 қыркүйек Пресногорьковская, 4-5 қазан Красивый-Казахский, 6-7 қазан Жақсы және 8-9 қазан Адыр бекеттеріне аялдайды.

Медициналық пойыз мамандары Қазақстан өңірлеріндегі шалғай станциялардың тұрғындарын тегін қабылдауды және тексеруді жалғастыруда. Бұған дейін 31 шілде мен 16 тамыз аралығында медициналық пойыз Павлодар облысына барып, 9 станцияның тұрғындарын қабылдады. 

Облыста болған екі апта ішінде консультациялық-диагностикалық пойыздың мамандары 1592 тұрғынды, оның ішінде 273 баланы, 1319 ересекті қабылдап, ал дәрігерлік қабылдаудың жалпы саны 1592 құрады. Ең көп өтініш келіп түскен мамандар: жалпы практика дәрігері, терапевт пен педиатр – 1104 адам, бұдан әрі хирург – 1030 адам, сондай-ақ көз дәрігері – 824 адам. Медициналық пойыздың кабинеттерінде барлығы 778 ЭКГ, 1030 УДЗ және 377 флюорография процедуралары жүргізілді. Дәрігерлердің айтуынша Павлодар облысының тұрғындары арасында ең жиі кездесетін аурулар: созылмалы пиелонефрит, созылмалы панкреатит, гепатомегалия мен спленомегалия, астигматизм, глаукома, меноррагия, артрит, пневмония, остеохондроз.

Пойыз мамандарының қабылдауына 1975 жылы туған Гүлжихан Серғазинова есімді Маралды станциясының тұрғыны келді. Флюорографияны зерттеу барысында ерекше жағдайға тап болдық. Науқаста өте сирек кездесетін диагноз – декстрокардия бар екені анықталды. Бұл дегеніміз науқастың жүрегі оң жағында орналасқан. Мұндай жағдайда ем тағайындай алмаймыз, бірақ бұл туралы ақпаратты біздің медициналық пойызда тексеру кезінде алғаш рет білді, – деп қызықты жағдай туралы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жетекшісі Аман Қасенов айтып берді.

Павлодар облысының тұрғындары медициналық пойыз мамандарына көрсетілген қызметтері үшін алғыс білдіреді. 

Біздің Жұмыскер разъезіне кент тұрғындарын тексеруге, оларды емдеуге «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді. Біз медициналық пойыз дәрігерлеріне шексіз ризамыз: әрбір тұрғын – жастар да, қарттар да, яғни барлығы түрлі маман қаралуында болды. Ақмарал есімді медбикеге, сондай-ақ УДЗ маманы мен ерекше ризашылығымды Сейітжан Дауылбайұлына білдіремін. Жалпы ақ халаттағы барлық дәрігерге біздің шағын кентімізге келіп, тиісті ем тағайындап, тексергені үшін алғысым шексіз, – деп өз ризашылығымен Жұмыскер разъезінің тұрғыны Гүлжанат Тулкина бөлісті.

Медициналық пойыз Ақмола облысы мен СҚО-ға сапарынан кейін Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының станциялары бойынша өз жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 мамыр өз бағытын бастаған «Жәрдем» медициналық пойызы қазіргі уақытта Қызылорда облысында. Онда 1 қыркүйекке дейін болады. Жалпы «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызымен бірге олар еліміздің шалғай аудандарындағы 147 станцияны қамтиды. 

Өзгелердің жаңалығы