«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысына барады

3 Мамыр 2024, 06:51
359
Бөлісу:
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысына барады
Фото: baq.kz

Бүгін Маңғыстау облысына «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы барады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 мамыр мен 25 мамыр аралығында Маңғыстау облысының бірнеше елді мекенін аралап, дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын тұрғындар міндетті түрде өзінің, баласының (баласын қаратса) жеке бас куәлігін және медициналық құжаттары болса, қосымша ала баруы керек.

Өзгелердің жаңалығы