Саиров: Алтын Орда – қазақ тарихнамасының қайнар көзі

5 Маусым 2021, 15:15
1565
Бөлісу:
Саиров: Алтын Орда – қазақ тарихнамасының қайнар көзі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың тарихы Қазақ хандығы хронологиясынан терең. Алтын Орда қазақ тарихнамасының қайнар көзі, деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Ерлан Саиров. 

Ал нақты кезеңдерге келсек, Орыс ханның Ақ-Орданы басқару кезеңін қазақ халқының генесизінің бастауы деуге болады.1368 жылы Сығанақта өзінің дербес ақшасын шығара бастаған, Орыс хан, нақты бүгінгі Қазақстан территориясында билік құрған. Сонымен бірге, Едіге, Тоқтамыс ханның қазақ халқының рухани құрамдас бөлігі екендігін мойындау, дәлелдеу керек. Екеуінің де күресі бүгінгі қазақ елі территориясында өрбіген, - деп жазды ол.

Керей мен Жәнібек сол Орыс ханның немерелері, яғни, Әбілқайыр хан (17 ғасырдағы Әбілқайырмен шатыстыруға болмайды) да қазаққа тиесілі болған.

Ал енді, сол кездегі Ақ Орданың фрагментация жасап, терең теңіздің көлшікке айналғаны тәрізді тартылып қалуы сол билеушілердің бітіспес күресі, халықты шаршатқан өзара ырду-дырду. Билеуші топ өзін- өзі қыра отырып, біртұтас халықтың бірегей өзін- өзі сезінуін жойып жіберді. Қазақ, ноғай, өзбек (бұл аттар сол кездері жәй топтардың атауы, ол кезде қазақ оп-оңай ноғайға немесе өзбекке айналады) араздана бастады. Солай бірыңғай мәдени, тіл, рухани кеңістік жойылды, - деді ол.

Тарихта ұлттық бірліктің, ынтымақтастық, ынтымақ мәселесі өте маңызды.

Ынтымақтастық, бірегейлік, бірлік бүгін де маңызды! Тарихты білу хронология білу емес, сол тарихтан тәлім- тәрбие алып, жаманынан жиіркену, жақсысын бойға сіңіру. Бүгінгі күні ұлттық бірлік, ынтымақтастық басты аспект. Тарих соны көрсетіп отыр, - деп жазды Саиров.


Өзгелердің жаңалығы