Сахнада былапыт сөз айтқан әншіге айыппұл салынды

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін ер адамның қоғамдық орында былапыт сөз қолданғаны анықталып, сот оған 20 АЕК көлемінде айыппұл тағайындады.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 15:02
Бүгiн 2026, 15:02
207
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны түсірілген бейнежазба анықталды.

Кадрлардан орындаушының сахнада өнер көрсету кезінде қоғамдық орында өзін ұстау талаптарын елемей, былапыт сөздер қолданғаны байқалады.

Мұндай әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде бағаланып, қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады. Сот шешімімен ер адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - деп атап өтті Алматы қаласының Полиция департаменті.

Полиция азаматтарға айналасындағыларға құрметпен қарап, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп нормаларын сақтау әркім үшін міндет екенін еске салды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)

Наверх