2024 жылғы 17-21 сәуір аралығында Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевтың Астана қаласына сапары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің брифингінде министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Ол Саха басшысының Қазақстанда Саха Республикасының күндерін ашу рәсіміне қатысатынын жеткізді.
Саха Республикасының күндері екі қалада, яғни Астана мен Алматыда 2024 жылғы 17-21 сәуір аралығында өтеді. Іс-шарада тауар өндірушілер мен инновациялық кәсіпорындар ұсынылады. Саханың инвестициялық және туристік әлеуетінің тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ якут музыкалық және опера қайраткерлері сахнада өз өнерлерін көрсетеді , – деді Смадияров.
Сапар аясында Айсен Николаевтың ел басшылығы, бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулері және тағы басқа іс-шаралар жоспарланған.