Сағынтаев Үлкен Алматы жағалауы қалай өзгеретінін айтты

17 Ақпан 2021, 13:58
1498
Бөлісу:
Сағынтаев Үлкен Алматы жағалауы қалай өзгеретінін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуінде тұрғындар Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру мәселесін қозғады.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қалада өзендер маңызды рөл атқаратындықтан, Кіші Алматы және Есентай өзендерінің арналарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, абаттандыру бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін серуендеу, бос уақыт үшін қолайлы орта құру жұмыстары қарастырылуда. 

Биыл жаяу жүргіншілер аймағын тазарту, дуалдар мен қоршауларды дұрыс жасау, әл-Фарабиден Сайранға дейін серуендеу аймағы жеткілікті үлкен болуы үшін жарықтандыру жобасын жасауды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті әкім.

Қазіргі уақытта селден қорғау бөгетінен Сайран көліне дейін өзенді жайластыру бойынша жобаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, тауларды, Тұңғыш Президент саябағы мен Сайран көлін өзара байланыстыра отырып, жасыл дәлізді қалпына келтіруге, желдетуге арналған дәлізді қамтамасыз етуге және инклюзивті қауіпсіз орта құруға мүмкіндік болады.

Абаттандыру жұмыстары келесі жылы басталады. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау мерзімі - 2021 жылғы желтоқсан.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың екінші есеп беру кездесуі пандемияға байланысты онлай форматта өтуде. Сұрақтар қоюға ниет білдіргендердің барлығына 1308 бірыңғай желі телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, сұрақтарды Whatsapp 8 777 046 33 33 нөміріне жіберуге немесе әлеуметтік желілердегі есеп беру кездесуінің трансляциясы бойынша түсініктемелерде қалдыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы