Сағынтаев « Қасіретті қаңтар» кезінде жарақат алған қызметкерлерге өтемақы төленетінін мәлімдеді

20 Қаңтар 2022, 11:10
1113
Бөлісу:
Сағынтаев   « Қасіретті қаңтар» кезінде жарақат алған қызметкерлерге өтемақы төленетінін мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және Алматыны одан әрі дамуы жөніндегі қалалық актив отырысында жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған бірнеше қызмет өкілдеріне өтемақы төленетінін айтты.

Қасіретті қаңтар кезінде жарақат алған медицина және құқыққорғау органдары қызметкерлері, өрт сөндірушілерге өтемақы төленеді. Ауыр жарақат алғандарға 2 млн теңге, орташа – 1 млн, жеңіл жарақат алғандарға 500 мың теңге төленеді. Оған қоса ТЖ кезінде қызмет еткен құқыққорғау органдары мен медицина қызметкерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі,-деді әкім. 

Оған қоса бүлік кезінде көлігі зақымданған заңды тұлғаларға сақтандыру төлемін ескере отырып өтемақы төленетіні айтылды. Өртенген тұрғын үйлердің қас беті қайта жөнделеді. Бұл жұмыстар қазірден басталып кеткен.

Соңғы мәлімет бойынша 1600 ШОБ субектісі зардап шеккен, оларға келтірілген шығы 67 млрд теңге. Олардың 95 пайызы шағын және орта бизнес өкілдері, олардың шығыны 43 млрд теңге.  Бұл кәсіпкерлер шығындарын растайтын құжаттарды Infokazakhstan.kz порталына жіберуі қажет. Ол жерде жылжымайтын мүлік, жылжыйтын мүлік және жабдықтар мен тауарлар қаралады. Оның барлығын Өңірлік комиссия  қарайды,-деді Сағынтаев.

Өзгелердің жаңалығы