Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

23 Сәуір 2021, 10:32
1042
Бөлісу:
Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде шағын өндірістік парктер құру жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты, бұларда 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады.

Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев Алматының Индустриалды аймағындағы төрт шағын өндірістік парктің құрылыс қарқынымен танысты. «Kaz Stroy Trade» ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «Ala Estate» ЖШС, «D&J Investments & Logistic» ЖШС сияқты компаниялар 22 мың ш. м өндірістік алаңдарды ашуға дайындауда. Мұнда тау-кен, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп салаларының 30 кәсіпорны ашылып, оларда 800-ден жұмыс орны құрылатын болады.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Сағынтаев инженерлік желілерді тарту, сыртқы әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Индустриалды аймақтағы алғашқы үш өндірістік паркті іске қосу биыл маусым айына жоспарланған. Инвестициялық жобалардың құны 3,2 млрд тг астам.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Жалпы алаңы 13,4 мың шаршы метрді құрайтын тағы төрт шағын өндірістік парк Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарында құрылды. Оларда 32 кәсіпорын орналасқан, 230 жаңа жұмыс орны ашылды. Нысандар бұрын жұмыс істемей тұрған өндірістік базаларды рекнострукциялау арқылы және «Almaty Finance» ЖШС жеңілдетілген қаржыландыру есебінен пайдалануға берілді. Құрылысқа 1,1 млрд тг жуық жеке инвестиция салынды.

Наурызбай ауданындағы «Brot Master» ЖШС шағын өндірістік паркі 2020 жылы іске қосылды. Мұнда, 2,2 мың ш. м алаңда тамақ өнеркәсібі саласындағы сусындар шығаратын, кофе қуыратын және қамыр даярлайтын алты компания ашылды. Бұдан өзге, 2021 жылдың соңына дейін жаңадан салынып жатқан алаңдар пайдалануға беріледі.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Сондай-ақ Наурызбай ауданында өткен жылдан бері алаңы 4 мың ш. м құрайтын «Аla Estate» ЖШС паркі жұмыс істейді. Қазіргі кезде мұнда жиһаз, галантерея бұйымдарын, кеңсе тауарларын, бетперде мен тамақ орамаларын шығаратын 7 өндірістік парк ашылған.

Түрксіб ауданында «Samruk Group» ЖШС 5,7 мың ш. м алаңды дайындады. Бүгінде мұнда құрылыс материалдарын, қағаздан жасалған бұйымдар мен дезинфекциялаушы заттарды шығаратын 16 шағын кәсіпорын өз жобаларын іске асыруда.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Алатау ауданындағы «Asia Prom Textile» ЖШС жаңа өндірістік паркін іске қосу биыл мамыр айына жоспарланған. Мұнда негізінен тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейтін болады.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлердің қолжетімді алаңдардың арқасында бизнесін ашуға немесе кеңейтуге мүмкіндік алатын шағын өндірістік парктерді құру жобасының маңызды екенін атап өтті.

Девальвациялық тәуекелдерге қарамастан шаршы метр алаңды 5-7 жылға дейін жалға алудың сараланған бағасы белгіленген. Осылайша, қалада дайын өндірістік алаңдардың тапшылығы мәселесі шешілуде.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен және Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында ШОБ-ты қолдау жөніндегі кешенді шаралар аясында жүзеге асырылған жобаның ерекшелігі — инвесторларға жеңілдікпен несие беру. Сонымен бірге олар өз қаражаттарын бос ғимараттарды қалпына келтіруге немесе инфрақұрылымы бар жаңа үй-жай салуға жұмсайды. Жобаға қосымша ретінде өндірістік парктің қатысушыларына жылына 2%-бен несие беру мүмкіндігі қарастырылған.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Алматы әкімі Сағынтаевтың бастамасымен және Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында ШОБ-ты қолдау жөніндегі кешенді шаралар аясында жүзеге асырылған жобаның ерекшелігі — инвесторларға жеңілдікпен несие беру. Сонымен бірге олар өз қаражаттарын бос ғимараттарды қалпына келтіруге немесе инфрақұрылымы бар жаңа үй-жай салуға жұмсайды. Жобаға қосымша ретінде өндірістік парктің қатысушыларына жылына Аlmaty Finance ЖШС және Almaty МНҰ ЖШС-дан 2%-бен несие беру мүмкіндігі қарастырылған.

Сағынтаев: Өндірістік парктердің инвестициялық әлеуеті 4 млрд теңгеден асады

Бұрын хабарланғанындай, жалпы Алматыда ШОБ-ты қолдаудың түрлі бағдарламалары аясында кәсіпкерлік саласында 10 мыңнан астам жұмыс орнын құру міндеті қойылды, бұл мегаполис экономикасының дамуына қуатты серпін беретін болады.

Өзгелердің жаңалығы