Сағынтаев лаңкестік әрекеттер кезінде зардап шеккендерге барды

15 Қаңтар 2022, 14:02
1152
Бөлісу:
Сағынтаев лаңкестік әрекеттер кезінде зардап шеккендерге барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде бүлікшілер қолынан зардап шеккендер жатқан қаланың клиникалық ауруханаларының бірінде болды.

Мегаполис әкімі зардап шеккендерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты. Барлығына қолдау шаралары көрсетіледі.

Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың атынан сол күндері өз денсаулықтары мен өміріне қарамастан ортақ мүддені сақтап қалып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендердің барлығына алғысын білдірді. 

Бүгінде Алматы қирағаннан кейін қалпына келеді және біртіндеп тіршілік әрекетінің үйреншікті арнасына қайта оралуда.

Өзгелердің жаңалығы