Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті

<p> </p> <h4>Алматы, BAQ.KZ. Онлайн-кездесу барысында Алматы экономикасының түрлі салаларында серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.</h4>

 24 Ақпан 2021 2021, 18:25
24 Ақпан 2021 2021, 18:25
1525

Алматы, BAQ.KZ. Онлайн-кездесу барысында Алматы экономикасының түрлі салаларында серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өзінің аккаунтында Францияның MEDEF International бизнес-қауымдастығымен кездесуінің онлайн форматта өткенін айтты.

Инвестиция, денсаулық сақтау, сауда, туризм сияқты салалардағы әріптестік қатынасты дамыту мәселесін талқылап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын қарадық, - деп жазды Алматы әкімі.

MEDEF – «Франция кәсіпорындарының қозғалысы» Франциядағы ең ірі жұмыс берушілер федерациясы.

Ол барлық саладағы 800 мың француз кәсіпорнын біріктіреді. MEDEF – Франция үкіметінің әлеуметтік және экономикалық келіссөздердегі серіктесі.

Наверх