Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында Қала күні қарсаңында Мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін айтты.
Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
«Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылды.
Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауы ұсынылмақ. Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр.
Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған. «Западный» автовокзал бекеті Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.