Сағынтаев алматылықтарды Жаңа жылмен құттықтады

31 Желтоқсан 2019, 10:30
5114
Бөлісу:
Сағынтаев алматылықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев инстаграм парақшасында алматылықтар мен қала қонақтарына Жаңа жылмен құттықтады. 

Біздің сүйікті қаламыз — Алматыда алдағы Жаңа жылды қуанышпен және үлкен үміттермен қарсы аламыз. Осынау жарқын мереке бізге қасымыздағы туғандарымызбен, достарымызбен бірге жылылық сыйлайды,-деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол өтіп бара жатқан жылы өміріміздің барлық саласында оң өзгерістерді нығайту үшін бәрін жасағанын жазды.

Біз жиі әрі ашық жүздестік. Бәріміз үшін бірдей мүмкіндігі бар Жаңа Алматыны құру үшін маңызды қадамдарды жүзеге асырдық. Үміт пен үлкен жетістіктер қаласын қалыптастырдық. Құрметті достар! Біз — нағыз алматылық мінездің иегерлеріміз. Ашық, еңбексүйгіш, мейірімді және батыл бола аламыз. Әрине, егер іс біздің сүйікті қаламыздың тағдырына қатысты болса. Жақын арада Жаңа 2020 жыл үйімізге енетін болады. Оны қарсы ала отырып, біз ең жақын адамдарымыз туралы ойлаймыз. Оларға назар аударамыз және қамқорлыққа бөлейміз.Келе жатқан жаңа жылда әр отбасында бейбітшілік пен баянды бақыт салтанат құратын болсын. Барлық ізгі үміттер мен армандар орындалсын! Сіздердің барлықтарыңызға шын жүректен денсаулық пен гүлдену тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!,-деп жазды қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы