Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы қалай аталып өтеді

16 Қаңтар 2024, 12:52
820
Бөлісу:
Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы қалай аталып өтеді
Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тілеухан Басқожаев қазіргі уақытта атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

Сағадат Нұрмағамбетов туып-өскен Ақкөл ауылында сквер ашылды. Оның төрінде ескерткіш қойылатын арнайы орын бар. Оны мүсінші Айдос Бүркітбаев жасайды. Биіктігі 5,8 м, материалы – қола. Ашылуы мамыр айына белгіленіп отыр, - деді Тілеухан Басқожаев.

Сондай-ақ әскери қайраткердің мерейтойына орай телесериал жарыққа шығады.

Алматыда әскери жаяу институтының базасында 40 минуттық 20 сериялық кинофильм түсіру аяқталып қалды. Онда генералдың өмірлік жолына ұқсас жас курсанттың өмір жолы көрсетіледі. Ол 7 мамырдан бастап көрерменге жол тартады, - деді ҚР ҚК Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев.

Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігімен пошта маркасы әзірленіп, мақұлданды. Ол әскери бөлімдерге жіберілді.

Сағадат Нұрмағамбетовтің үш кітабы жаңғыртуға берілді. Алматыдағы жаяу әскери институтына, Астанада жергілікті әскери колледжге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Елордада осы кісінің атындағы көше бар. Оның бойында мүсін қою мәселесі пысықталып жатыр. «Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай осыған ұқсас іс-шаралар өткізіледі. Кешенді жоспар Үкіметке жолданды, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы