Садыр Жапаров қызметінен кетті

14 Қараша 2020, 22:54
3959
Бөлісу:
Садыр Жапаров қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров бүгін қызметін тапсырды. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

Осыған байланысты Садыр Жапаров елге үндеу жариялады.

Орталық сайлау комиссиясы уақытынан бұрын өтетін президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі. Құрметті отандастар, осыған байланысты мен ел президенті міндетін заң шеңберінде тапсырып беріп, премьер-министр қызметімді де тоқтатып, президент сайлауына қатардағы азаматтардың бірі ретінде қатысуды жөн көрдім - делінген Жапаровтың үндеуінде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қырғызстанда президент сайлауына үміткерлерді тіркеу бүгін аяқталды. Айыр қалпақты ағайынды басқарудан үміттілер саны 62 адамға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы