Садриддин Ахмедов чемпиондық жекпе-жекке қашан шығады

2 Ақпан 2021, 02:26
1114
Бөлісу:
Садриддин Ахмедов чемпиондық жекпе-жекке қашан шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 KO) қашан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетінін айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы.

Еске салайық, отандасымыз соңғы кездесуін 30 қаңтар күні Мексиканың Куэрнавака қаласында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша нидерландылық Стивен Даньоны (17-4-3, 6 KO) жеңді. Бұл кездесуде Ахмедов WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін жеңіп алды. 

Алдағы төрт немесе бесінші кездесуде толыққанды әлем чемпионы үшін жекпе-жек өткіземін. Мен бұған дайынмын. Уақыт келді, – деді қазақ боксшысы Journaldemontreal.com порталына берген сұхбатында. 

Өзгелердің жаңалығы