Сәдібек Түгел: Жемқорлық – ол халықты қанау, ұлтты тонау

11 Наурыз 2021, 12:55
3001
Бөлісу:
Сәдібек Түгел: Жемқорлық – ол халықты қанау, ұлтты тонау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен тікелей эфирде қоғам қайраткері, «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел жемқорлықпен жұмыла күресу керектігін айтты.

Жемқорлық дегеніміз – халықты қанау. Жемқорлық деген – ол ұлтты тонау. Жемқорлық деген – ол сатқындық. Отанды сату жемқорлықтан басталады. Мұнымен бәріміз күресуіміз керек. Ол бүкілхалықтық іс. Әрбір азаматтың парызы, - деп атады ол.

Осы бағытта агенттік тиісті жұмыстар атқарып отыр. 

Агенттік қоғаммен тығыз жұмыс істеп, жемқорлыққа тойтарыс беріп отыр. Осы ретте алдымызда үш міндет тұр. Ең алдымен ділді өзгерту тұр. Діл дегеніміз – ол психология, менталитетіміз, болмысымыз, пейіліміз бен пиғылымыз, ниетіміз. Осы бағытта жүзеге асырылып келе жатқан жобалардың рөлі өте зор, - деп айтты Сәдібек Түгел.

Оның сөзінше, жемқорлықпен күрес бәріне бірдей ортақ іс.

«Парасат жолы» орталығында өңірдегі зиялы қауым өкілдері арқылы парасаттықты, адалдықты, әділдікті насихаттап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар әр өңірдегі руханият ордасы - кітапханаларда көптеп ұйымдастырылып келеді. Мақсаты - мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып киелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету және бұл арқылы адам санасын өзгерту, - деп түсіндірді ол тікелей эфирде. 

Қоғам қайраткері атап өткендей, қолына қалам ұстаған әрбір ғалым, ақын, жазушы күш біріктіре отырып сұрапыл шығармашылығымен демеу болса бұл індетті жеңеміз.

Парасаттылықты насихаттауға бағытталған жобаға қолдау көрсетіп отырған Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан кітапханашыларына, зиялы қауым өкілдеріне зор алғысымды білдіремін, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы