Сәдібек Түгел: Ата заң азаматтардың құқығын қорғап, жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды

18 Мамыр 2022, 18:15
1948
Бөлісу:
Сәдібек Түгел: Ата заң азаматтардың құқығын қорғап, жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Конституциялық реформаларды түсіндіру сұрақтары бойынша Республикалық қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің елордалық зиялы қауым өкілдері және мәдениет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу кезінде Еңбек сіңірген қайраткері, республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы, жазушы Сәдібек Түгел бүкілхалықтық референдумды өткізуді қолдайтынын айтты.

Ата заң - мемлекетіміздің ең басты, ең негізгі заңы. Ол ең алдымен азаматтардың мүддесін, құқығын қорғап, жақсы өмір сүруіне, еңбек етіп, білім алуына жағдай жасайды. Барлық осы Ата заңның негізінде қабылданады. Ата заңға өзгерістер енгізу туралы шешімді толығымен қолдаймын, - деді жазушы.

Сәдібек Түгел Президент ұсынған Конституциялық 5 бағыт дұрыс екеніне тоқталды.

Бірінші, суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу. Екінші, бірқатар билік өкілдігін қайта құру. Үшіншіден, Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту. Төртінші, елді басқаруға халықтың қатысуын арттыру. Бесінші, азамттардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту. Жалпы Ата заңның 31 бабына үлкен өзгерістер енгізілгелі отыр, - деп айтты Сәдібек Түгел.

Оның айтуынша, 30 жыл бұрын Тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болған Қазақстанымызға оңды өзгерістер, тың серпілістер ауадай қажет.

Заман халықтың талап-тілектеріне сәйкес оңды өзгерістерді қажет етеді, - деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы