Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Шанхай қаласында садақ атудан Әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Классикалық түрде садақ ату сынынан соң компаунд бойынша бәсекелер басталды, деп жазады Olympic.kz.
Ерлер арасында сынға түскен Рустам Қарабаев 42-ші, Ақбарәлі Қарабаев 47-ші нәтиже көрсетті. Бұл тартысты бәсекеде америкалық Мэтт Суливан топ жарған.
Әйелдер арасында қазақстандық Мария Өмірзақова 32-орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, классикалық түрде садақ атудан Шанхайдағы турнирде Денис Ганькин алғашқы ондыққа енген болатын.
Бұған дейін 4-13 мамыр аралығында садақ атудан Қытайдың Шанзай қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің екінші кезеңінде еліміздің намысын қорғайтын мергендердің толық тізімі белгілі болған болатын.