Сабыржан Аққалықов бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды 

Ұлттық құрама өкілі Сабыржан Аққалықов 75 кг салмақтың финалында Жавохир Абдурахимовпен (Өзбекстан) күш сынасып, айқын басымдықпен айласын асырды. Есеп: 5-0.

 ҰОК Бүгiн 2026, 12:00
Бүгiн 2026, 12:00
144
Фото: ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті алтын жүлдемен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Ұлттық құрама өкілі Сабыржан Аққалықов 75 кг салмақтың финалында Жавохир Абдурахимовпен (Өзбекстан) күш сынасып, айқын басымдықпен айласын асырды. Есеп: 5-0.

Енді Ұлттық құраманың 2 өкілі шаршы алаңға шығады. Бүгін 60 кг салмақта бақ сынайтын Оразбек Асылқұлов алтын медаль олжалады. Осыдан кейін рингке көтерілген Төрехан Сабырхан (70 кг) күміс медаль еншіледі. 

Бұдан бөлек, ерлер командасы сапындағы Махмұд Сабырхан (55 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) пен Сағындық Тоғамбайда (90 кг) қола медаль бар.

Наверх