«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтеді

16 Қыркүйек 2021, 16:13
2025
Бөлісу:
«Сәби болғым келеді». Рахимовты еске алу кеші өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» бөлімінің XIX концерттік маусымының ашылуына орай Әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған «Сәби болғым келеді» атты еске алу концерті өтеді.

Семей қаласы әкімдігімен бірлескен кештің мақсаты ұлттық классикамыздың дәстүр нақышында, халықтық мәнерде ән шығарған, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мәди, Естай, Жаяу Мұса, Әсеттерден жеткен сал-серілерінің  жалғасы, «Сәби болғым келеді» «Дариға, домбырамды берші маған!», «Қазағым-ай», «Аягөз-Ару» атты сан алуан сырлы әндерімен  халықтың жүрегін тербеген Тұрсынғазы Рахимовты еске ала отырып келер ұрпаққа шығармашылын насхаттау – дейді ұйымдастырушылар.

Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кешінде елорда филармониясының «Халық ән» бөлімінің әншілері өнер көрсетеді.

Олар - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Мәдениет саласының үздіктері – Секен Сыздықов, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай. Дәстүрлі ән бөлімінің көркемдік жетекшісі Телман Нұркенов. Сонымен қатар филармонияның «Шалқыма» Халық би ансамблі, көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Абдурасул Есекеев және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Тоғжан Жахин өнер көрсетеді.

Композитордың отбасы және өнердегі інілері, шәкірттері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіманов, Клара Төленбаева, Толғанбай Сембаев, Нариман Абдрахманов концерттің арнайы қонағы болмақ. 

Сазгердің Семейден келген әнші інілері мен шәкірттері: Нұриден Иманбаев, Серік Бабаханов, Қайрат Қамидолдин, Елдос Жақсылықов, Гүлдана Ноғайбаева, Алтын Смасейтова, Жасұлан Тәжиев сынды өнер иелері ән шырқайды. 

Кеш 2021 жылдың 17 қыркүйегінде 18-30 да «Астана» концерт залында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы