Сабақтан тыс уақытта оқушы үшін жауапкершілік ата-анаға жүктеледі

Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 25 ақпанда өткен палатаның пленарлық отырысында педагогтерге қосымша өкілеттік беру көзделген заң жобасын жұмысқа қабылдады.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:01
Бүгiн 2026, 11:01
178
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 25 ақпанда өткен палатаның пленарлық отырысында педагогтерге қосымша өкілеттік беру көзделген заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Педагог мәртебесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжаттардың негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейту.

Педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігін тек оқу процесі кезеңімен шектеу ұсынылады. Сабақтан тыс уақытта, сондай-ақ каникул және кешкі мезгілде жауапкершілік ата-аналарға жүктелуге тиіс, – деді депутат.

Оның сөзінше, бұл бағытта Президенттің Тамыз кеңесінде берген тапсырмасы да бар. Сондай-ақ педагогтерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ түрлі іс-шараларға тартуға жол бермеу ұсынылады. Бұдан бөлек, есептілікті бір мезгілде екі форматта – қағаз және электронды түрде жүргізуге тыйым салу көзделген. Есеп беру тек бір форматта жүргізілуі тиіс.

Төртіншіден, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске педагогтің құқықтарын бұзғаны үшін санкцияларды күшейтуге қатысты нақты нормалар енгізу ұсынылған.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті аталған заң жобаларын қарап, тиісті қорытынды әзірлейді.

Наверх