Сабаққа барғысы келмеген оқушы "бомба" қойылды деп хабарлаған

4 Қыркүйек 2024, 17:02
431
Бөлісу:
Сабаққа барғысы келмеген оқушы "бомба" қойылды деп хабарлаған
Фото: Polisia.kz

Қарағандылық оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте болды. Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнындағы "жарылғыш зат" туралы айтқан. Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының әжалған терроризмге қатысы бар екенін анықтады. 

Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмей, осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Аталған жағдай мұндай "әзілдің" орынсыз екендігін және жасөспірімдердің әрекетін бақылау қажеттігін көрсетеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы