Орманда адасып кеткен әйелдер табылды

15 Қазан 2019, 16:26
2556
Бөлісу:
Орманда адасып кеткен әйелдер табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола құтқарушылары мен полицейлері орманда жоғалған әйелдерді тауып алды.

Кеше Зеренді курорттық аймағында Ақмола құтқарушылары мен полиция қызметкерлері сағат 16.00-ден кешке дейін екі әйелді іздеді. Олар сол күні сағат 15-00-де орманға саңырауқұлақ іздеп жүріп, жоғалып кеткен.

14 қазанда Төтенше жағдайлар департаментінің және АПБ күштері, сондай-ақ, Көкшетау МҰТП Зеренді филиалының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері екі әйелді іздеу жұмыстарына кірісті. Сағат 17:42-де құтқарушылар бір әйелді тауып алды. 

Оның айтуынша, олар саңырауқұлақ теруге бірге шығып, кейіннен бөлініп, орманда жолдарынан адасқаны белгілі болды. 

"Бірінші әйелді құтқарғаннан кейін топ іздеуді жалғастырды. Түн ортасында полиция екінші әйелді тапты. Екі әйелдің де жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет болмады", - дейді Зеренді ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерлан Жолдин.

Ақмола облысының ТЖД орманда адасқан кезде қалай әрекет ету керектігін айтты.

"Егер сіз орманда адасқан болсаңыз және бағдарлай білмесеңіз, онда тоқтап, отырыңыз және сіз жол бастаған жерге қалай шығу керектігін ойланыңыз. Ол үшін жолдағы жарқын белгілерді (өзен, көл, теміржол) есте сақтаңыз және оған баратын жолды ұмытпаңыз. Орман және қала жолдары, сондай-ақ жолдар көп жағдайда елді мекендерге апарады. Орманға барар алдында зарядталған аккумулятормен телефон алып шығу керектігін ескертеміз", - деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Ақмола құтқарушылары ағымдағы жылғы 8 қазанда күзет үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен Жақсы ауданындағы қойшыны төртінші күн іздеуде. Жоғалу орны - Алғабас ауылынан 4 км. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органдар жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы