Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Сағынтаев жаңадан ашылған «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында болды

29 Тамыз 2020, 12:40
5340
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы әкімі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында болды. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды. 

Аға буынның белсенді өкілдері — бұрынғы оқытушылар, музыканттар, әртістер тәрбие жұмысына атсалысуда. Бүгінде олар Ардагерлер үйінде тұрады. Десе де, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында сабақ жүргізбек, - деп жазды ол instagram-дағы парақшасында.

орлеу1.jpg

Клубта санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады. Қызметтің бұл түрлеріне рұқсат берілгеннен кейін мұнда бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, вокал, музыка мен би, домбыра, дойбы және шахмат үйірмелері ашылады. 

орлеу2.jpg

Сондай-ақ, мұнда емдік дене шынықтыру және өзіндік дайындық сағаттары бар. Кез-келген бала қызығушылық таныта алады. Екі ауысымда жұмыс істейтін клуб 50 келушіге арналған. Ең бастысы, балалар отбасылық атмосферада қамқор ата-әжелердің бақылауында болады. Біз осы әлеуметтік жобаны кеңейтіп, тағы үш клуб ашатын боламыз, - деп жазды әкім.
Өзгелердің жаңалығы