Сағынтаев жаңадан ашылғалы жатқан госпитальдің жұмысымен танысты

29 Шілде 2020, 17:25
1224
Бөлісу:
Сағынтаев жаңадан ашылғалы жатқан госпитальдің жұмысымен танысты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 500 орынды жаңа ковидті госпитальдің ашылу дайындығының барысымен танысты. 

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, төсек-орындар санын арттыру қажеттілігіне байланысты орталықтың салынып жатқан жаңа нысан арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін бірінші эшелонның инфекциялық стационары ретінде қайта бейімделеді.

Сағынтаев күн сайын функционалды госпитальдегі жөндеу және әрлеу, жоспарлау жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексеріп отырады. 

Мұнда науқастар палаталары, жансақтау бөлімі, ПТР тестілеуден өткізетін зертхана әрі медициналық қызметкерлерді даярлайтын және қайта даярлайтын орталық болады. Яғни, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жеке медициналық мекеме құрылады, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бүгінгі күні Алматыда COVID-19-бен күреске 27 медұйым жұмылдырылған. Төсек-орын қорының жалпы саны алты мың орыннан асады. Ал төсек-орынның пайдаланылуы 90-нан 50 пайызға дейін төмендеген.

Қазіргі кезде күзгі-қысқы маусымда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайындық барынша қарқынды жүруде. Сондықтан бірінші эшелондағы инфекциялық стационарларда төсек-орын (ауыр жағдайдағы науқастар үшін) саны тағы 1015 орынға артатын болады.

Өзгелердің жаңалығы