Сағынтаев: үш студенттің бірі Алматыда оқиды

19 Қыркүйек 2019, 11:01
1830
Бөлісу:
Сағынтаев:  үш студенттің бірі Алматыда оқиды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл форум отандық университеттің және Қазақстанның әлемге танымалдылығын арттырады, сонымен қатар әлемнің үздік университеттерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚазҰУ-да өтіп жатқан халықаралық конференция кезінде айтты. 

Әкім еліміздегі оқу орындары халықаралық талаптарға сай білім беріп жатқанын, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті ғылым арқылы арттыру мақсаты қазіргі заман талабы екенін айтып өтті. 

«Осындай жетістіктерге қол жеткізу басты мақсат етіп қарастырылуда. Сондықтан да білім беру мәселесі осы сипатқа ие, бүгінде білім сапасы болашақтың қандай болатындығын айқындайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық күш жігерді білім сапасын арттыруға міндет етіп қойды»,-деді қала әкімі. 

Жиын барысында сонымен қатар, QS Ltd аға Вице-Президенті Бен Соутер сөз сөйлеп, осындай форум ұйымдастырып, білім саласының келешегін талқылау алаңын ұсынып отырған университет басшылығына алғысын білдірді.

«Үздік университеттер одан да биік межеге жетуді мақсат етеді. Әлемдегі үздік университеттердің басын қосып отырған мұндай халықаралық бас қосу алаңы тәжірибе алмасуға, инновациялық идеялармен бөлісуге, достығымызды арттыруға ықпал етеді», - деді Бен Соутер. 

Айте кетсек, ҚазҰУ-да университеттердің жаһандық саммиті аясында «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу»  QS World Wide халықаралық форумы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы