Сағынтаев алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады

30 Тамыз 2020, 09:41
1411
Бөлісу:
Сағынтаев алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады. 

Құрметті алматылықтар! Сіздерді Ата Заң күнімен құттықтаймын! Ата Заңда бекітілген қағидаттар мен нормалардың тұрақтылығы — бұл азаматтардың, бүкіл халқымыздың мүддесі үшін қазақстандық мемлекеттілікті нығайтудың іргетасы, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол әрбір қазақстандық ел болашағы үшін, ел мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. 
Тек мықты әрі дербес мемлекет қана өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғап, еліміздің, соның ішінде қаламыздың табысты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті болмақ. Біз бәріміз болашағымыз үшін, ел мүддесі үшін жұмыс істеп жатырмыз! Әрқашанда жақсылық болсын, - деді әкім.


Өзгелердің жаңалығы