Сағынтаев Алматы қаласы ПД басшысына ескерту жасады

18 Қараша 2019, 13:32
2811
Бөлісу:
Сағынтаев Алматы қаласы ПД басшысына ескерту жасады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа қаланың бірнеше ауданынынан полицияның мобильді посттарында ешкім тұрмайтынын туралы шағым түскен. Ақпараттың растығын тексеруге шыққан әкім бірнеше мобильді пункттің бос тұрғанын көрген. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Кеше кешкісін еш ескертусіз "Атакентте", "Мерей" СО, Көкбазарда, Арбатта, Меңдіқұлов – Бектұров көшелерінің бұрышында, Ганди паркінде орналасқан мобильді пункттерді тексердім. Олардың тек біреуінде ғана учаскелік инспектор болды. Ал қалғандарында жарық жанғанымен, кезекші болған жоқ, полиция қызметкерінің орнына СО-ның күзетшілері отырды, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Әкім бұл жағдайды жай қалдырмай, аппараттық жиында қаланың ПД-нің басшысы С. Күдебаевқа ескерту жасады.

пд1.jpg
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бұлайша немқұрайды қарауға болмайды! Сондықтан бүгін қаланың ПД-нің басшысы С. Күдебаевқа ескерту жасадым. Медеу, Алмалы, Бостандық, Жетісу аудандарының полиция басшыларына сөгіс жариялауды тапсырдым. Аудан әкімдеріне де бақылаудың жоқтығы үшін ескерту айтылды, - деді ол.

Сондай-ақ ол, "Алматылықтардың қауіпсіздігі - біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі", деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы